Тағы бір есірткі зертханасы жойылды

14:30, 26 сәуір 2024

© ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Алматы облысында психотроптық заттар өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы ҰҚК 26 сәуірде мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпарат бойынша, 2024 жылғы 17 сәуірде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті есірткі заттарын өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті.

"Тінту барысында шамамен 35 кг синтетикалық есірткі, 500 литр прекурсорлар және зертханалық жабдық алынды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.",- делінген ведомства ақпаратында.
Тағы бір есірткі зертханасы жойылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2024 14:30

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ұсталған адамға қатысты сот санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.",- деп қорытындылады ҰҚК.

Айта кетейік, 16 сәуірде Алматы маңындағы саяжайлардың бірінде синтетикалық есірткі өсіретін ірі зертхана жойылды. Оқиға орнынан 22 жасар қыз тұтқындалды. Алматылық арудан 40 кг есірткі және 28 мың АҚШ доллары тәркіленді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!