Астанадан африкалықтар жер аударылды

17:04, 26 сәуір 2024

© Сурет: Астана ПД баспасөз қызметі

Африкалықтар қайтадан Қазақстаннан жер аударылды. Бұл жолы Астанадан. Елордалық полицияның баспасөз қызметі шетелдіктерге қатысты көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін елден шығарылғанға дейін алдын алу шаралары қабылданып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, 2024 жылдың 26 сәуірінде Африка континентінің төрт азаматы қазақстандық заңнаманы бұзғаны үшін елден шығарылды.

"Байқоңыр аудандық ПБ көші-қон қызметі бөлімі қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін, яғни визада көрсетілген елде болу мерзімі немесе көші-қон карточкасында тіркелу мерзімі өткеннен кейін үш тәулік ішінде елден шықпағаны үшін, Гана Республикасының төрт азаматын депортациялады."Астана ПД баспасөз қызметі

Еске сала кетейік, 12 сәуірде Алматы әуежайынан Қазақстанда заңсыз жүрген 15 Африка азаматтары департацияланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!