Тимофей Скатов «Челленджер» турнирінің жартылай финалында ойнайды

18:21, 26 сәуір 2024

© Сурет: ktf.kz

Қазақстандық теннисші, әлемнің 271-ракеткасы Тимофей Скатов Чехияның Острава қаласында топырақ төсенішінде өтіп жатқан "Челленджер" санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ширек финалда қазақстандық теннисші әлемнің 225-ракеткасы Зденек Колармен ойнауы керек еді, бірақ чехиялық спортшы жарақатына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартты.

Жартылай финалда Тимофей германиялық Генри Сквайермен кездеседі. Ойын ертең, 27 сәуірге жоспарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!