Словенияда көмір шахтасында үш адам қаза тапты: аза тұту күні белгіленді

10:45, 23 қаңтар 2025

© Сурет: delo

22 қаңтарда Словенияның солтүстік-шығысындағы көмір шахтасын су басу салдарынан қаза тапқан үшінші кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Delo жергілікті басылымының дерегінше, Велене шахтасының бас директоры Марко Малец жұмыс әлі де жүргізіліп жатқанын айтты

"Қаза тапқандардың отбасыларына психологиялық және қаржылық қолдау көрсетіледі", – деп сендірді ол.

Веленье мэрі Питер Дермола 24 қаңтарды аза тұту күні деп жариялайтынын айтты.

Сурет: Instagram/peterdermol

Апат 20 қаңтарда кешке, Шоштан жылу электр станциясына көмір жеткізетін Slovenske Elektrarne Group мемлекеттік холдингінің құрамына кіретін шахтада болды. Оны су басқан кезде ішінде 14 кенші болған.

Сурет: delo

Бұған дейін Ирактағы заң жобасына түзетулер енгізілгені хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!