Алматы облысында газсыз қалған 3 мың үйді қайта қосу кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда

18:53, 22 қаңтар 2025

© Сурет: "ҰАТ" АҚ

Алматы облысы Қарасай ауданының әкімдігі 22 қаңтарда газ берудің басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Тұрғын үйлерді газға қосу төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Жалпы 3000-нан астам абонент газға қайта қосылады", делінген хабарламада.

Бұған дейін Қарасай ауданында екі ауылдың тұрғындары газсыз қалғаны белгілі болған. 22 қаңтарда Жамбыл 2 ауылындағы Керімбеков көшесінде жол апаты орын алып, салдарынан диаметрі 219 мм болатын орташа қысымдағы газ құбырына зақым келген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!