Adebiportal.kz қоры Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» атты аудиокітабымен толықты
© Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Кітап шығару саласындағы соңғы тенденцияларды ескере отырып, adebiportal.kz отандық әдеби порталы авторлардың аудиокітап форматындағы жаңа шығармаларымен толығуда. Олардың қатарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әке туралы ой-толғау" аудиокітабы да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл кітап қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың өмір жолына арналған.
Автор әкесінің өмірі мен шығармашылығы туралы жеке естеліктерімен бөлісіп, Кемел Тоқаевтың қиындыққа толы балалық шағы, оның майдандағы жастық кезі мен соғыстан кейінгі шығармашылық жолы туралы әңгімелейді. Автор анасы – Тұрар Шабарбаеваға арнайы бөлім арнаған. Анасы жазушының өмірлік адал серігі, отбасының ұйытқысы болғанын айтады. Өзінің ата-анасына және жақындарына деген сүйіспеншілік сезімін терең жеткізеді.
"Президенттің отбасы құндылықтары, борыш пен жауапкершілік, аға ұрпақтың мұрасы туралы ой-толғаулары кітапта айқын көрініс тапқан. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл туындыда баяндаған шынайы толғаныстары жас ұрпақ тәрбиесі үшін мәні терең, маңызы зор. Кемел Тоқаев ХХ ғасырдағы отандық әдебиетте жарқын із қалдырды. Шығармалары қаламдастары, сыншылар мен оқырман тарапынан жоғары бағаланып, Қазақстан мен Кеңес Одағында бестселлерге айналды", делінген министрлік хабарламасында.
Президенттің аудиокітабы Kitap.kz, Topiq.kz, Kazneb.kz қосымшаларында да қолжетімді болады.
Жақын уақытта Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында adebiportal.kz порталында қазақстандық майдангер-жазушылардың аудиокітаптары орналастырылады: Бауыржан Момышұлы "Артымызда Москва", Тахауи Ахтанов "Қаһарлы күндер", Әбдіжәміл Нұрпейісов "Күткен күн", Әзілхан Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз", Кемел Тоқаев "Солдат алысқа кетті", Қасым Аманжолов "Ақын өлімі туралы аңыз" және т.б.
Айта кетсек, 2025 жылы 20 қаңтарда еліміздегі әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия тапсырылғаны белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:54, 22 қаңтар 2025
Саран қаласындағы дүкендердің біріне түскен ұры сатушыны өлтірді
-
21:36, 22 қаңтар 2025
Трамп Путинді Украинадағы соғысты доғаруға шақырды
-
20:54, 22 қаңтар 2025
Антикор мүгедектікті тіркеуде медициналық сараптамаға қатысты 5 мыңнан астам айла-шарғыны анықтады
-
20:20, 22 қаңтар 2025
Түрік тілінде діни кітаптар сатып алған қазақстандық жазаланды
-
19:57, 22 қаңтар 2025
Астанада оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілді