Республика күніне орай қосымша пойыздар іске қосылды

12:26, 23 қазан 2024

© Фото: rail-news.kz

21 қазаннан бастап елімізде жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша пойыздар тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан темір жолы" АҚ-ның ақпаратынша, олар келесі бағыттар бойынша қатынайды:

  • №630/629 пойызы "Ақтөбе-Шалқар" бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнара қатынайды;
  • №204 пойызы "Астана-Шымкент" бағыты бойынша 2024 жылғы 21 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;
  • №216 пойызы "Шымкент-Алматы" бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;
  • №201 пойызы "Алматы-Астана" бағыты бойынша 2024 жылғы 23 қазаннан бастап күнделікті қатынайды.
"Пойыз құрамында купе және плацкарт вагондары да болады",- делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, қала маңындағы бағыттар бойынша 2024 жылғы 25 және 27 қазанда «Қарағанды-Астана» бағытындағы электр пойызының бағыты Бурабай курорты станциясына дейін ұзартылады. Бұдан өзге , 2024 жылғы 25, 26 және 27 қазанда «Ерейментау-Астана-Көкшетау» бағытындағы №6831/6829/6830/6832 электр пойызының құрамына қосымша вагондар қосылады.

Бұған дейін Қарағанды базарларының бірінде полицейлер пойызда бірнеше рет жолаушылардың жеке заттарын ұрлаған күдіктіні ұстағаны хабарланды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!