Германияда маймыл шешегі алғаш рет анықталды

12:48, 23 қазан 2024

© Фото: freepik

Германияда маймыл шешегінің жаңа вариантын жұқтыру фактісі алғаш рет тіркелді.

Мұны Роберт Кох атындағы қоғамдық денсаулық институты хабарлап отыр. Дегенмен, осы мекеме таратқан өзге бір мәліметке қарағанда, бұл аурудың Германияда кең тарау мүмкіндігі төмен.

Айта кетсек, маймыл шешегі биыл Конго Демократиялық Республикасында өршіп, Африканың өзге елдерінде мыңдаған адамнан және Швецияда анықталды, деп жазады qazaqstan.tv.

Осыған байланысты, тамыз айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық деңгейде төтенше жағдай жариялағаны белгілі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!