СҚО-да зейнеткер пәтерін сатып, ақшасын алаяқтарға аударған
© Фото: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысында зейнеткер домофон қызметін көрсететін компаниядан қоңырау шалды деген алаяқтардың арбауына түсіп, пәтерінен айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Петропавловск.news" басылымының мәліметінше, зейнеткерге домофондарға қызмет көрсететін компаниядан хабарласқан. Қоңырау шалушы жабдықтардың жақын арада ауыстырылатынын айтқан. Алаяқтықтың кең таралған схемасы бойынша, әйелге код келген, ол кодты телефон арқылы сөйлескен адамға айтып берген.
Осыдан кейін зейнеткерге өзін банк пен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған адамдар қоңырау шала бастаған. Жалған мамандар белгісіз біреулер әйелдің атына несие рәсімдеуге әрекет жасап жатқанын айтып, оның пәтері бар екенін білген соң, үйін сатуға көндірген.
СҚО Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мұратбек Аяғановтың айтуынша, алаяқтар зейнеткермен іс жүзінде барлық уақытта байланыста болған.
Әйел пәтерін 16 млн теңгеге сатылымға шығарған. Мәміле нотариус арқылы рәсімделген. Пәтер сатылғаннан кейін зейнеткер түскен ақшаны банк терминалы арқылы алаяқтар көрсеткен шоттарға аударған.
Көп ұзамай егде жастағы әйел алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінген. Алайда ол кезде кеш болған. Пәтер үшін аударылған ақша түскен шоттардың дропперлерге тиесілі екені анықталды.
Бұған дейін интернет-қосымшалар арқылы жалға баспана іздейтін қазақстандықтарға қауіп туралы ескерту жасалған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:15, 8 қазан 2026
Мемлекет басшысы: 2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін
-
14:10, 8 қазан 2026
Тоқаев Қазақстандағы стратегиялық көлік жобаларының іске асырылу барысы туралы айтты
-
14:04, 8 қазан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азиядағы өзара сауда көлемін 20 млрд долларға жеткізуді ұсынды
-
13:55, 8 қазан 2026
Ресейде көліктерді қиратып жүрген аю іздестіріліп жатыр
-
13:47, 8 қазан 2026
Директор қызметінен босатылды: Астанадағы мектептердің бірінде не болды





