Алматыда түнде болған атыс оқиғасының мән-жайы белгілі болды

20:30, 24 қараша 2026
MKZ: 1579540

© Сурет: Алматы полициясы

Бүгін, 2026 жылғы 24 қарашада Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі "Атакент" маңында түнде болған дабылға қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, Бостандық аудандық полиция басқармасына атыс болғаны туралы хабар түскен.

"Оқиға куәгері дулыға киген белгісіз ер адамның мылтыққа ұқсас заттан оқ атқанын, кейін велосипедпен оқиға орнынан қашып кеткенін хабарлаған. Сигнал түнгі сағат 02:00-де түсті. Оқиға орнына дереу "Буран – 431" патрульдік экипажы жіберілді. Полицейлер айналаны тексеріп, ер адамның жүруі мүмкін бағытты анықтап, оның ізіне түсті. Көп ұзамай күдікті пәтерлердің бірінде ұсталды. Алайда полицейлерді пәтер ішінен күтпеген заттар күтіп тұрды. Ол жерден бөлшектелген тегіс ұңғылы мылтық, 100 патрон және екі гильза табылды", – деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Барлық қару мен оқ-дәрі тәркіленгені атап өтілді.

Қару-жарақты заңсыз сақтау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Күдікті қамауға алынды. Түнгі оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Шын мәнінде оқ атылды ма, жоқ па – тергеу барысында белгілі болады", – деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!