СҚО-да ерлі-зайыпты «инвестицияға ақша саламыз» деп, 10 млн теңгесінен айырылды
© Сурет: polisia.kz
СҚО аудандарының бірінде ауылдық жерде тұратын ерлі-зайыпты интернет-алаяқтардың "инвестиция" схемасына алданып, 10 миллион теңгесінен айырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
60 жастағы ауыл тұрғынының Instagram желісінен 1991 жылға дейін туған азаматтардың барлығына белгілі бір банк төлем жасайтыны туралы жарнаманы көруінен басталған. Әйел өтінім беріп, аты-жөні мен телефон нөмірін көрсеткен.
Көп ұзамай оған өзін "Goldmans Group" брокерлік компаниясының маманы ретінде таныстырған адам қоңырау шалған. Айта кетейік, дәл осындай атауды нан-тоқаш өнімдерін шығаратын нақты кәсіпорын да пайдаланады. Алаяқ әйелге инвестиция арқылы табыс табуды ұсынған. Оның нұсқауын орындаған ауыл тұрғыны "сауда шотын" ашып, банк сервисі арқылы бөліп төлеуге алған 100 долларды сол шотқа аударған.
Кейін шамамен бір ай бойы онымен өзін "аналитик" деп таныстырған әйел байланыста болып, "инвестиция" жасау бойынша "кеңес" беріп отырған. Ауыл тұрғыны бұл схемаға күйеуін де қатысуға көндірген. Олар барлық жинаған қаражатын жұмсап, әртүрлі банктерден несие алған. Кейін ғана кибералаяқтардың құрбаны болғандарын түсінген. Келтірілген шығын көлемі 10 миллион теңгені құрады.
Осы дерек бойынша полицейлер алаяқтық схемаға дроппер ретінде қатысқан бірқатар адамды анықтады. Тәртіп сақшылары түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін жәбірленушілер дропперлерден келтірілген шығынды өндіру туралы азаматтық сотқа талап арыз берген.
Полицейлердің айтуынша, "инвестиция" арқылы алдау схемасы ең көп таралған тәсілдердің бірі емес. Жыл басынан бері СҚО-да мұндай алаяқтықтың 16 дерегі тіркелген. Алайда мұндай қылмыстар көп жағдайда аса ірі мөлшердегі шығынға әкеледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:00, 5 қазан 2026
Ақмола облысында жаңа аудан әкімі тағайындалды: ол туралы не белгілі
-
19:41, 5 қазан 2026
Павлодарда құлаған ағаш бірнеше көлікті басып қалды
-
19:14, 5 қазан 2026
Тоқаев: Оман – экономикасын ілгерілетуде зор табысқа жеткен мемлекет
-
19:12, 5 қазан 2026
Қостанай тұрғыны шенеуніктерден 300 мың теңгеге жуық өтемақы өндіріп алды
-
19:09, 5 қазан 2026
СҚО-да 13 жастағы қызға жыныстық зорлық көрсеткен жұптың бірі өмір бойына, екіншісі 20 жылға сотталды





