Ақмола облысында жаңа аудан әкімі тағайындалды: ол туралы не белгілі
© Сурет: t.me/aqmola_region
Асхат Ахмедьянов Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы 2026 жылғы 5 қазанда облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кадрлық өзгеріс өңір басшысының тиісті өкімімен бекітілді. Асхат Ахмедьянов 1992 жылғы 29 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Комсомольское ауылында дүниеге келген.
2013 жылы "Тұран-Астана" университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2014 жылы Атбасар ауданы Новоалександров ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметінен бастаған. Бұл қызметте 2017 жылға дейін жұмыс істеген. Кейін сол аудандағы Бастау ауылдық округінде осыған ұқсас қызмет атқарған.
- 2017-2019 жылдары Атбасар ауданы Покров ауылдық округінің әкімі болды.
- Кейін аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
- 2021-2023 жылдары Атбасар ауданы Макеев ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеді.
- Кейін Зеренді ауданы әкімінің орынбасары қызметіне ауысып, бұл қызметті 2026 жылға дейін атқарды.
- Соңғы тағайындауына дейін, 2026 жылғы ақпаннан бастап Асхат Ахмедьянов Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын басқарды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:50, 5 қазан 2026
Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды
-
20:36, 5 қазан 2026
Қазақстанның бірнеше өңірінде қар жауып, боран соғады
-
19:41, 5 қазан 2026
Павлодарда құлаған ағаш бірнеше көлікті басып қалды
-
19:14, 5 қазан 2026
Тоқаев: Оман – экономикасын ілгерілетуде зор табысқа жеткен мемлекет
-
19:12, 5 қазан 2026
Қостанай тұрғыны шенеуніктерден 300 мың теңгеге жуық өтемақы өндіріп алды





