Қарқаралы ұлттық паркінде екі турист адасып кетті

09:44, 5 қазан 2026
MKZ: 1570477

© Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында құтқарушылар Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде іздеу жұмыстарын жүргізді. 48 және 53 жастағы екі демалушы Бассейн көліне бет алған кезде бағытынан адасып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, берілген координаттар мен байланыс деректері арқылы адасып қалған демалушыларды тез тапты.

Демалушылар қауіпсіз жерге жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Бұған дейін Алматы облысында 4300 метрден астам биіктікте туристің құтқарылғаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!