65 жастан асқан жүргізушілерге медициналық анықтама беру қағидалары әзірленді
© Фото: Zakon.kz
Денсаулық сақтау министрлігі көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамдарды медициналық қарап-тексеруден және механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін қайта медициналық қарап-тексеруден өткізу қағидаларына түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, медициналық қарап-тексеру нәтижелері туралы мәліметтерді бірыңғай автоматтандырылған дерекқорға беру жоспарланып отыр. Бұл мемлекеттік органдар арасындағы ақпарат алмасуды жеңілдетуге және жол қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Тиісті өзгерістер жүргізушілер мен жүргізуші куәлігін алуды жоспарлап жүрген азаматтарды медициналық қарап-тексеруден өткізу қағидаларына енгізіледі.
Жүргізушілер үшін не өзгереді
65 жастан асқан жүргізушілердің, сондай-ақ мүгедектігі бар жүргізушілердің қайта медициналық қарап-тексеруден өту мерзімділігі нақтыланады: олар екі жылда бір рет тексеруден өтуге тиіс. Бұл норма "Жол жүрісі туралы" заңда бұрыннан қарастырылған.
Денсаулық сақтау министрлігі өзгерістер қолданыстағы қағидаларды заңнамаға сәйкестендіруге бағытталғанын атап өтті. Негізгі жаңашылдық цифрландыруға қатысты.
Осылайша, жүргізушілердің көлік басқаруға медициналық тұрғыдан жіберілгені, сондай-ақ медициналық қорытындымен расталған қарсы көрсетілімдердің бар-жоғы туралы ақпарат автоматты түрде ақпараттық дерекқорға берілетін болады.
Уәкілетті мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде қажетті мәліметтерге қол жеткізеді. Бұл көлік басқаруға берілген медициналық рұқсаттың өзектілігін жедел тексеруге және анық емес немесе ескірген ақпаратты пайдалану тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.
"Ұсынылып отырған өзгерістер ең алдымен жол жүрісі қауіпсіздігін арттыруға және мемлекеттік органдар арасындағы деректер алмасуды жетілдіруге бағытталған. Жүргізушілердің аталған санаттары үшін медициналық қарап-тексеруден өту мерзімділігіне қатысты жаңа талаптар енгізілмейді. Заңнамадағы қолданыстағы норма бейінді қағидаларда бекітіледі. Негізгі басымдық цифрлық есепке алуға және көлік құралдарын басқаруға медициналық рұқсат туралы ақпаратты уақтылы жаңартуға берілген", – деп түсіндірді министрлік.
Құжат "Ашық НҚА" сайтында 19 қазанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.
2026 жылғы 25 тамыздан бастап жүргізуші куәлігінен айыруға негіз болатын жаңа талаптар енгізілді. Олар 65 жасқа толған жүргізушілер мен мүгедектігі бар адамдардың екі жылда бір рет медициналық қарап-тексеруден өтпеуіне қатысты.
Алайда медициналық анықтама алған жүргізушілер оның бір жылға ғана берілетінін байқаған. Енді Денсаулық сақтау министрлігі осы олқылықты түзетіп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:24, 5 қазан 2026
«Жұмысқа тұр» деп ақыл айтқан анасын ұлы өлтіріп, бөлшектеп тастаған
-
12:15, 5 қазан 2026
Қызылорда облысында аудандық сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды: ҰҚК ұстау сәтінің кадрларын жариялады
-
12:04, 5 қазан 2026
Францияда жаппай наразылықтарға байланысты 500-ге жуық мектеп жабылады
-
11:53, 5 қазан 2026
АҚШ-та әйел өзінің екі ұлын өлтірді деген күдікке ілінді
-
11:43, 5 қазан 2026
5 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы





