Тоқаев: Оман – экономикасын ілгерілетуде зор табысқа жеткен мемлекет
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы екіжақты қарым-қатынасты дамыту тұрғысынан Оман Сұлтанының сапары тарихи мәнге ие екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Оман Сұлтандығы экономикасын ілгерілетуде зор табысқа жеткен, халықаралық аренада өте белсенді әрі конструктивті дәнекер мемлекет ретінде белгілі. Еліңіздің өз аймағында, одан тысқары жерлерде, соның ішінде Қазақстанда да беделі биік. Мемлекеттеріміз арасындағы серіктестіктің әлеуеті зор екеніне сенімдімін. Алдымызда ынтымақтастық аясын мейлінше кеңейту міндеті тұр", – деді Президент.
Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, ертеңгі келіссөздердің мазмұнды әрі жемісті өтетініне сенім білдірді.
Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізу, бірқатар маңызды құжатқа қол қою, сондай-ақ мемлекеттер басшыларының қазақ-оман бизнес форумына қатысуы жоспарланған.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты күтіп алғанын хабарлаған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:00, 5 қазан 2026
Ақмола облысында жаңа аудан әкімі тағайындалды: ол туралы не белгілі
-
19:41, 5 қазан 2026
Павлодарда құлаған ағаш бірнеше көлікті басып қалды
-
19:12, 5 қазан 2026
Қостанай тұрғыны шенеуніктерден 300 мың теңгеге жуық өтемақы өндіріп алды
-
19:09, 5 қазан 2026
СҚО-да 13 жастағы қызға жыныстық зорлық көрсеткен жұптың бірі өмір бойына, екіншісі 20 жылға сотталды
-
18:49, 5 қазан 2026
Тоқаев Оман Сұлтанын елорда әуежайында қарсы алды





