СҚО-да 13 жастағы қызға жыныстық зорлық көрсеткен жұптың бірі өмір бойына, екіншісі 20 жылға сотталды
© Фото: pixabay
Петропавлда 13 жастағы қызға жыныстық зорлық көрсеткен ерлі-зайыптылардың бірі өмір бойына бас бостандығынан айырылып, екіншісі 20 жылға сотталды. Үкімді Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
5 қазанда Qazaqstan Media басылымының жазуынша, сотталушылар Жұмысшы кентінде тұрған. Орта білімі толық емес ер адам кондитер болып жұмыс істеген және бұған дейін сотталмаған. Ал оның әйелі перинаталдық орталықта санитар болып еңбек еткен. Алайда олардың өмірі болған оқиғадан кейін күрт өзгерген.
Жағдайдан хабардар адамдардың айтуынша, 13 жастағы қыз сотталушылардың үйіне кездейсоқ бармаған. Оны ерлі-зайыптының туысы болып келетін танысы өзімен бірге ертіп келген.
"Олар әуелі моншаға түскен. Кейін жігіт ұйықтап қалған кезде, қонақ қыз үй иелерінің бөлмесіне кірген. Сол жерде жыныстық зорлық жасалған. Оқиға жәбірленуші оқушының ата-анасы полицияға арызданғаннан кейін белгілі болған", – делінген хабарламада.
Қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды. Сот Вадим Жоланды ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі бойынша, яғни көрінеу жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін кінәлі деп таныды.
Оның бірге тұратын әйелі Екатерина Шостак қылмысқа көмектесуші ретінде танылған. Сонымен қатар оның зорлық-зомбылық әрекеттеріне тікелей қатысқаны дәлелденбегендіктен, осы бөлікте ақталды. Алайда ауыр қылмысқа сыбайлас болғаны толық дәлелденген.
"Жолан Вадим Михайловичті қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау. Шостак Екатеринаны кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау", – деді судья Нұрлан Нұршарыпов үкімді оқып.
Бұл бап бойынша жаза баламасыз және жеңіл жаза қарастырылмаған. Әйелдер үшін заң 20 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Жолан жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде, ал Шостак орта қауіпсіздік колониясында өтейді.
Сот жәбірленушілердің материалдық талаптарын да қанағаттандырды. Сот сараптамаларын жүргізуге жұмсалған 3,6 млн теңге сотталғандардан үлестік тәртіппен өндірілетін болды. Жәбірленуші қыздың пайдасына берілген азаматтық талап арыз толық қанағаттандырылды. Сотталғандар оған моральдық зиян үшін 6 млн теңге төлеуге міндеттелді.
Сонымен қатар сот сотталған әйелдің кәмелетке толмаған балаларына қатысты жеке қаулы шығарды. Олардың 2013 жылы туған қызы және 2017 жылы туған ұлы бар. Балалардың тағдыры ұлдың туған күні – 5 қазанда шешілді. Енді олардың жағдайымен мемлекеттік органдар айналысады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ және апелляциялық тәртіппен шағымдануға болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:00, 5 қазан 2026
Ақмола облысында жаңа аудан әкімі тағайындалды: ол туралы не белгілі
-
19:41, 5 қазан 2026
Павлодарда құлаған ағаш бірнеше көлікті басып қалды
-
19:14, 5 қазан 2026
Тоқаев: Оман – экономикасын ілгерілетуде зор табысқа жеткен мемлекет
-
19:12, 5 қазан 2026
Қостанай тұрғыны шенеуніктерден 300 мың теңгеге жуық өтемақы өндіріп алды
-
18:49, 5 қазан 2026
Тоқаев Оман Сұлтанын елорда әуежайында қарсы алды





