Арзан қазыға алданған: қазақстандықтар әлеуметтік желіде миллиондаған теңгесінен айырылды
© Фото: akorda.kz
Астаналық кәсіпкер Instagram және WhatsApp арқылы ысталған жылқы етін арзан бағамен сатып алуды ұсынған. Алайда сатып алушылардан алдын ала төлем алған ол тауарды жеткізуді әуел бастан жоспарламаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Азамат жұрттың сеніміне кіру үшін бұрын орындаған тапсырыстары мен клиенттердің оң пікірлерін пайдаланған. Ал түскен ақшаны жеке қажетіне жұмсаған.
"Нәтижесінде 31 жәбірленушіге жалпы сомасы 1,7 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілді", – делінген Астана прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Мемлекеттік айыптаушы сотта сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.
Келтірілген залалдың толық өтелгенін ескерген сот оған пробациялық бақылау белгілей отырып, 2 жыл 8 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
"Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ", – деп нақтылады прокуратура 2026 жылғы 5 қазанда.
Үндеу соңында Астана прокуратурасы азаматтарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы сауда жасағанда сақ болуға және тексерілмеген сатушыларға алдын ала төлем ретінде ақша аудармауға шақырды.
Бұған дейін қазақстандық азаматтың бес жыл бойы шетелде сот төрелігінен жасырынып жүргені белгілі болған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:43, 5 қазан 2026
5 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
11:35, 5 қазан 2026
Каспий жағалауынан батпақ тасбақасы табылды
-
11:16, 5 қазан 2026
«Тамақ пен киімді қоқыс үйіндісінен тапқан»: қазақстандық әйел ата-ана құқығынан айырылды
-
11:08, 5 қазан 2026
Құжаттарды заңдастыру: қағидаларда не өзгерді
-
10:58, 5 қазан 2026
65 жастан асқан жүргізушілерге медициналық анықтама беру қағидалары әзірленді





