Синоптиктер 10 желтоқсанда қай өңірлерде қар жауатыны болжанатынын айтты

17:16, 9 желтоқсан 2024

© Сурет: Zakon.kz

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы сейсенбі, 2024 жылғы 10 желтоқсанда республикамыз бойынша ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, Қазақстанның батысында, оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады, солтүстігінде қарлы боран болады деп болжанады. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - тұманның түсуі, желдің күшеюі". "Қазгидромет" РМК

Бұған дейін синоптиктер алдағы үш тәулікке, яғни 2024 жылғы 10-12 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Оған сәйкес, еліміздің бірқатар өңірінде температураның біртіндеп көтерілуі, қар жауып, боран соғатыны болжанады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!