Синоптиктер Алматыда ыстық беті қашан қайтатынын айтты. Бір аптаға арналған ауа райы болжамы
© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда жаздың соңғы айы экстремалды аптап ыстықпен басталды, бірақ келесі аптаның басында-ақ ауа райы күрт өзгереді. Қалада күн күркіреп, жаңбыр жауады, дауыл соғады, осылайша көптен күткен салқын күндер келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК-ның Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Баян Қанаеваның айтуынша, алдағы үш күнде мегаполисте құрғақ әрі өте ыстық ауа райы сақталады. Күндіз сынап бағаны +35...+39 градусты көрсетеді.
Дегенмен, 3 тамызда кешке қарай ауа райы өзгере бастайды. Синоптиктің айтуынша, 4-7 тамыз аралығында Алматыда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтіледі, найзағай кезіндегі соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
"Жауын-шашын ауа температурасын төмендетуге ықпал етеді. Егер демалыс күндері қалада 39 градусқа дейін ыстық болатыны болжанса, сейсенбіден бастап күндізгі температура +29...+31 градусқа дейін төмендейді", - деді синоптик.
Алматы қаласы бойынша 2026 жылғы 1-7 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамы:
- 1 тамыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +20...+22°С, күндіз: +35...+37°С.
- 2 тамыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +21...+23°С, күндіз: +37...+39°С.
- 3 тамыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, кешке қарай - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +23...+25°С, күндіз: +36...+38°С.
- 4 тамыз: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, кей тұстарда 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +23...+25°С, күндіз: +31...+33°С.
- 5 тамыз: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, кей тұстарда 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +19...+21°С, күндіз: +29...+31°С.
- 6-7 тамыз: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, кей тұста 13 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +18...+20°С, күндіз: +30...+32°С.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері Алматы, Астана және Шымкент қалалары бойынша жаздың соңғы айының алғашқы үш күніне арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:37, 31 шілде 2026
Банктерден несие алып, 16 млн теңгеден аса қарызға батқан мұғалім сотқа жүгінді
-
18:40, 31 шілде 2026
Абай облысында полиция сегіз рет ереже бұзған кортеж жүргізушілерінің жолын кесті
-
18:30, 31 шілде 2026
Еркін күрестен U17 әлем чемпионаты: Бақдәулет Ағабек финалға шықты
-
18:26, 31 шілде 2026
Синоптиктер Алматыда ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты. Бір аптаға арналған ауа райы болжамы
-
18:13, 31 шілде 2026
«Күн ыси түседі». Еліміз бойынша 1 тамызға арналған ауа райы болжамы





