Еркін күрестен U17 әлем чемпионаты: Бақдәулет Ағабек финалға шықты

18:30, 31 шілде 2026
MKZ: 1559073

© Сурет: olympic.kz

Әзірбайжанның Баку қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 48 келіге дейінгі салмақта еркін күрес шебері Бақдәулет Ағабек жартылай финалда өзбекстандық Фаррух Махмудовты 7:3 есебімен жеңді.

Осылайша, қазақстандық балуан финалға жолдама алып, шешуші белдесуде үндістандық Аарьянмен күш сынасады.

Айта кетейік, бүгін, 31 шілдеде, 110 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сағындық Темірғали де финалға шығу үшін бақ сынайды. Оның қарсыласы ресейлік Магомед Омаров болмақ.

Бұған дейін Дияр Аманәлі грек-рим күресінен U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!