Қазақстанда бір күнде 6 орман өрті тіркелді
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 30 шілдеде Қазақстан аумағындағы орман қорында алты орман өрті анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрт ошақтары бірнеше өңірде тіркелген:
- Қостанай облысында – 3 өрт;
- "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында – 2 өрт;
- "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында – 1 өрт.
Қостанай облысындағы өрттер мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің патрульдеу барысында анықталған. Арнайы техника мен қажетті күштер жұмылдырылып, өрт ошақтары жедел оқшауланған.
Ал "Ертіс орманы" және "Семей орманы" резерваттарындағы өрттер автоматты түрде анықтау жүйесі арқылы тіркелген. Оқиға орнына мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері мен арнайы техника жіберілген. Қазіргі уақытта аталған аумақтарда өртті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Мамандар аптап ыстыққа байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталатынын ескертті. Тұрғындар мен табиғат аясында демалушылардан өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау сұралды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:16, 30 шілде 2026
Астанада биыл 5 мыңнан астам ата-ана жауапқа тартылды
-
21:41, 30 шілде 2026
Айша Әбдімәлік әйелдер күресінен U17 әлем чемпионатында күміс медальға ие болды
-
21:24, 30 шілде 2026
Мәдениет комитетінің төрағасы тағайындалды
-
20:31, 30 шілде 2026
Шілденің соңғы күнінде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:16, 30 шілде 2026
2026-2027 оқу жылында оқушылар қашан демалатыны белгілі болды





