Астанада 15 автобустың жүріс бағыты үш күнге өзгерді

22:57, 1 шілде 2024

© Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

1 шілдеде "City Transportation Systems" ЖШС Астанада 15 маршруттың қозғалыс схемасы өзгергенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2, 3 және 4 шілдеде № 3, 4, 4А, 14, 19, 40, 21, 29, 29А, 32, 43, 50, 66, 84, 202 бағдарлардың сызбасы уақытша өзгеретіні нақтыланады.

"Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті күндері қоғамдық көліктер әдеттегідей жұмыс істейді. Жұмыс уақыты 06:00-ден 23:30-ға дейін", делінген хабарламада.

Сондай-ақ жолаушылар көлігінің қозғалысын шектеу шаралары "Тәуелсіздік сарайы" алаңының Тәуелсіздік даңғылында – Ж.Нәжімеденов – А.Байтұрсынов – Қ.Аманжолов көшелерінде жүргізілетіні де нақтыланады.

Бұған дейін Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларының тұрғындарын алда өткізілетін шарадан құлақтандырып, аталған қалаларда террористік қауіптіліктің бірқалыпты ("сары") деңгейі белгіленетінін хабарлаған болатын. Сондай-ақ 2-4 шілде аралығында Астанадағы бірқатар орталық көшелер бойында автокөліктерді қоюға тыйым салынады. Астанада 3-4 шілдеде ШЫҰ саммитін өткізуге байланысты бірқатар көшелер жабылады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!