КХДР-да жаңа типтегі баллистикалық зымыран сынақтан өтті

10:56, 2 шілде 2024

© Сурет: pxhere

Кореяның орталық телеграф агенттігі, жаңа "Хвасонфо-11да-4,5" тактикалық баллистикалық зымыранының сынақ ұшырылымы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ЦТАК атап өткендей, жаңа типтегі зымыран салмағы - 4,5 тонна.

Ауыр оқтұмсығы бар зымыранды сынақтан өткізу ұшудың тұрақтылығы мен соққының дәлдігін растау мақсатында максималды 500 км және ең аз 90 км қашықтыққа жүргізілді.

"Зымыран ғылымының бас басқармасы шілде айында жаңа "Хвасонфо-11да-4,5" тактикалық баллистикалық зымыранының 250 шақырымға дейінгі қашықтықтағы ұшу ерекшеліктерін, соққы дәлдігін және ультра үлкен оқтұмсықтың жарылыс күшін растау үшін сынақтан өткізетінін мәлімдеді",-делінген агенттіктің хабарламасында.

30 маусымда "Ренхап" КХДР Жапон теңізі бағытында баллистикалық зымыран ұшырды деп мәлімдеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!