Астанада ШЫҰ кезінде қандай жолдарда қозғалыс уақытша шектеледі

21:53, 1 шілде 2024

© Сурет: pixabay

Астанада 3-4 шілдеде ШЫҰ саммитін өткізуге байланысты бірқатар көшелер жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаменті ШЫҰ саммитін өткізуге байланысты келесі жол учаскелерінде автокөлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеу жоспарланып отырғанын хабарлайды:

  • 3 шілде күні сағат 18.00-ден 22.00-ге дейін Бөкейхан көшесі бойынша Керей-Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіндегі көпірге дейін (М-3);
  • 4 шілде күні сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін Нәжімеденов көшесі бойынша Тәуелсіздік даңғылынан Аманжолов көшесіне дейін, одан әрі Аманжолов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін және Байтұрсынов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін.
"Қалған уақытта қозғалысты шектеу ШЫҰ саммитіне қатысушылардың сүйемелдеуімен жүзеге асырылатын болады. Тұрғындардан қауіпсіздіктің күшейтілген режиміне түсіністікпен қарауды сұраймыз", делінген хабарламада.

Бұған дейін Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларының тұрғындарын алда өткізілетін шарадан құлақтандырып, аталған қалаларда террористік қауіптіліктің бірқалыпты ("сары") деңгейі белгіленетінін хабарлаған болатын. Сондай-ақ 2-4 шілде аралығында Астанадағы бірқатар орталық көшелер бойында автокөліктерді қоюға тыйым салынады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!