Қазақстанда Атырау облысының шекарасы өзгереді

14:50, 1 шілде 2024

© Сурет: primeminister.kz

ҚР Үкіметінің "Атырау облысының шекарасын өзгерту туралы" қаулысы дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Атырау облысының шекарасы мен Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) сыртқы шегі арасындағы жалпы алаңы 3954015,300 гектар жерді Атырау облысы аумағына қосу жолымен Атырау облысының шекарасы өзгертілсін", – делінген құжатта.

Атырау облысының шекаралары былайша белгіленген:

  • солтүстік шекарасы Батыс Қазақстан облысының әкімшлік бағынысындағы аумақтардың қолданыстағы шекаралары бойынша;
  • шығыс шекарасы Ақтөбе облысының әкімшлік бағынысындағы аумақтардың қолданыстағы шекаралары бойынша;
  • оңтүстік шекарасы Маңғыстау облысының әкімшлік бағынысындағы аумақтардың қолданыстағы шекаралары бойынша;
  • оңтүстік-батыс шекарасы Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) сыртқы шегі бойынша;
  • батыс шекарасы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы бойынша;

Құжат 15 шілдеге дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!