Португалия Еуро-2024 ширек финалына шықты

10:31, 2 шілде 2024

© Сурет: УЕФА

Португалия Словениямен өткен кездесуде жеңіске жетіп, Еуро-2024 ширек финалына шықты. Матчтан кейінгі пенальти сериясында 3:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енді португалдықтар Еуро-2024 ширек финалында 5-нен 6 шілдеге қараған түні француздармен кездеседі. Словения құрамасы турнирден шығып қалды.

Алдағы матчта Мбаппе Роналдумен кездеседі.

Португалия – Словения арасындағы ойынның негізгі уақыты және одан кейінгі қосымша уақыты да 0:0 есебімен аяқталды.

Пенальти белгіленген Португалияның футболшысы Криштиану Роналду мүмкіндігін сәтсіз аяқтап, жылап жіберді.