Шымкентте жедел жәрдем көлігі бетон араластырғышқа соғылып, медицина қызметкерлері зардап шекті
© Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 9 қазан күні таңертең Шымкент қаласында қызметтік жедел жәрдем көлігі жоғары жылдамдықпен келе жатып, бетон араластырғышқа соғылды. Медицина қызметкерлері зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"КТК" телеарнасының мәліметінше, жедел жәрдем көлігі дабыл шамдарын жағып, сиренаны қосып, қиылысқа қарай келе жатқан. Дәл сол сәтте жолға бетон араластырғыш техникасы шығып кеткен.
Тіркелген видео жазбада жедел жәрдем жүргізушісі тежегішті басқан кезде дөңгелектерден түтін шыққаны анық көрінеді. Алайда соқтығысудан қашу мүмкін болмады – көлік бетон араластырғыштың сыртқа шығып тұрған науасына соғылған. Соққыдан жедел жәрдем көлігінің алдыңғы бөлігін зақымдалған.
Оқиға салдарынан жедел жәрдемдегі барлық медицина қызметкері жеңіл жарақат алған. Жүргізуші, дәрігер және фельдшер ауруханаға жеткізілгенімен, кейін үйлеріне жіберілген.
Қазіргі таңда полиция оқиғаның нақты себептерін анықтап, кімнің кінәлі екенін тексеріп жатыр.
Бұған дейін миллиард теңгеге салынған мектеп қаңырап бос тұрғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:11, 24 тамыз 2026
Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды
-
23:06, 24 тамыз 2026
Шымкентте ер адамды қатыгездікпен өлтірді деп алты адам сот алдында жауап беріп жатыр
-
22:59, 24 тамыз 2026
Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты
-
22:12, 24 тамыз 2026
Суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: қазақстандықтардың нәтижесі қандай
-
21:50, 24 тамыз 2026
Қазақстан таеквондодан әйелдер арасындағы ашық әлем чемпионатына қатысады





