Шымкентте 24 жастағы әйел үшем дүниеге әкелді

21:18, 20 мамыр 2024

© Сурет: instagram.com/gorzdravshymkent

Шымкенттің 24 жастағы тұрғыны Айгүл Бақытжанқызы үшем дүниеге әкелді. Сәбилердің үшеуі де - ұл. Оларға Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмұхаммед есімдері берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қала тұрғыны мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 31-аптасында қалалық перзентханада босанған. Сәбилердің бірінің салмағы 1580 гр болса, екіншісі − 1640 гр, үшіншісінің салмағы – 1610 гр.

Дәрігерлер сәбилерді алдымен жансақтау бөлімінде тұрақты бақылауда ұстап, тиісті ем-шараларды жасаған. Содан кейін палатаға шығарған.

Едәуір салмақ жинап, жағдайлары жақсарған үшем мен олардың анасын бүгін Шымкенттегі перзентхана қызметкерлері салтанатты рәсіммен үйлеріне шығарып салды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!