Азиада-2026: Қазақстан қоржыны күрестен тағы да екі қола медальмен толықты

17:15, 2 қазан 2026
MKZ: 1570190

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық еркін күрес шебері Едіге Қасымбек және әйелдер күресінен Зейнеп Баянова Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үшінші орын үшін өткен белдесуде отандасымыз Едіге Түрікменстан балуаны Зымамухаммет Сапаровпен кездесті.

Едіге қарсыласынан басым түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Ал бұрымды балуанымыз 50 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен кездесуде Дипаншимен (Үндістан) күш сынасты. Нәтижесінде Зейнеп 11:4 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Зейнеп Баянова, күрес, балуан, қола медаль, Жапония, Азия ойындары, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2026 17:15

Сурет: olympic.kz

Осылайша Қазақстан қоржыны тағы екі қола медальмен толықты.

Айта кетейік, бұған дейін Начын Куулар мен Едіге Қасымбек қола алған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!