Шымкентте төрт жасар бала үшінші қабат терезесінен құлап кетті

10:52, 7 шілде 2024

© Сурет: Zakon.kz

Шымкентте үшінші қабаттың терезесінен төрт жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға кеше, 6 шілдеде Қ.Төлеметов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйде болған.

Бала дереу ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы орташа.

Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналар мен ересектерге балаларды қараусыз қалдырмауды, олардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу үшін сақтық шараларын сақтауды ескертті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!