Ерлі-зайыптылар алты баласын жылдар бойы аштықта ұстап, жәндіктер жеуге мәжбүрлеген
© Фото: freepik
АҚШ-та ерлі-зайыпты жұп алты баласына ұзақ уақыт бойы қатыгездік көрсеткені үшін айыпталды. 38 жастағы Кейси Кано мен 35 жастағы Мэри Кано балаларға жүйелі түрде зорлық-зомбылық жасап, оларды тамақтан қағып отырған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Oxu.Az мәліметінше, ерлі-зайыптыларға бірнеше эпизод бойынша қатыгездік көрсету, ата-аналық міндеттерін орындамау және кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекеттерге тарту фактілері бойынша айып тағылған.
Прокурорлардың айтуынша, 2018–2022 жылдар аралығында балалар белдікпен ұрып-соғылған. Олардың денесінен көгерген іздер мен қан кету белгілері анықталған. Сондай-ақ оларды бірнеше күн бойы тамақсыз қалдырған жағдайлар болған.
Балалардың өздерінің айтуынша, аштықтан олар көгерген тағамды, жәндіктерді, иттің жемін және шөп жеуге мәжбүр болған. Кейбір жазалау түрлері қорлау әрекеттерімен қатар жүрген.
Оқиға болған кезде балалардың жасы бір мен тоғыз жас аралығында болған.
Бұған дейін Қырғызстанда қазақстандық әйелдің діни және моральға қайшы рәсімдер үшін балалар сатып алғаны туралы хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:13, 10 сәуір 2026
Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау орындарындағы валюта бағамы
-
10:54, 10 сәуір 2026
БҚО-да 55 жоба шеңберінде 487 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген
-
10:38, 10 сәуір 2026
«Таза Қазақстан»: полиция үш мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
-
10:26, 10 сәуір 2026
Шетелге қашып кеткен күдікті елге қайтарылды: 4 млрд теңге жымқыру ісі бойынша тергеу жүріп жатыр
-
10:11, 10 сәуір 2026
Грантқа түсуге мүмкіндік беретін негізгі ҰБТ: маңызды мәліметтер





