Алматыда екі ер адам қарумен және есірткінің ірі партиясымен ұсталды

19:53, 10 сәуір 2026

© Сурет: polisia.kz

Алматыда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері синтетикалық есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстық әрекеттің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел іс-шара барысында екі күдікті ұсталды. Олар мінген автокөлікті тексеру кезінде жүк салғыштан өзіне тән иісі бар ақ түсті ұнтақ зат салынған орамалар табылды.

Тәркіленген заттың жалпы салмағы шамамен — 1 келі.

Сонымен қатар көлік ішінен қолдан жасалған белгілері бар тегіс ұңғылы қару және оқ-дәрілер анықталып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.


"Синтетикалық есірткілердің таралу арналарының жолын кесу бағытындағы жұмыс ерекше бақылауда. Әрбір осындай операция – азаматтардың, әсіресе жастардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіптің алдын алу. Полиция есірткі қылмысына қарсы күресті жүйелі түрде жалғастырады", — деп атап өтті Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Батыржан Әбдумасаров.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!