Президент: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының түпкі мәні – қоғамдық сананы жаңғырту
© Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" жалпыұлттық жобасының негізгі мәні қоғамдық сананы өзгертуге бағытталғанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің айтуынша, қоршаған ортаны қорғау мен тазалық мәдениетін қалыптастырудың маңызы зор. Алайда бұл бастама тек қалалар мен ауылдарды абаттандырумен шектелмейді.
"Оның түпкі мәні – қоғамдық сананы жаңғырту. Сол арқылы азаматтарды ортақ Отанымыздың тағдырына бейжай қарамай, болашақтың іргесін бірге қалауға шақыру", – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев жауапкершілік, әділдік және өзара құрмет бар қоғам ғана дамуға қол жеткізетінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл құндылықтар өркениетті мемлекеттердің барлығына ортақ қағидат.
Президент бұл ұстанымдар жаңа Халық Конституциясының да негізіне айналғанын жеткізді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстанның дамудың даңғыл жолына түсіп, жаһандық бәсекеге қабілетті елге айналғанын айтты. Ол ел жетістіктерінің басты негізі – сапалы адам капиталы екенін ерекше атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:31, 10 сәуір 2026
«Таза Қазақстан»: тұрғындардың өтінімдері Telegram-бот арқылы үздіксіз қабылдануда
-
15:07, 10 сәуір 2026
Тоқаев боксшыларды Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
-
14:51, 10 сәуір 2026
Мұнай қайта қымбаттап жатыр
-
14:26, 10 сәуір 2026
Нұрбек Оралбай жеңісі: Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті
-
14:10, 10 сәуір 2026
Президент қазақстандық ғалымдарды марапаттады





