Республика күні қарсаңында «Мейірім», «Қожа Ахмет Ясауи», «Әл-Фараби» ордендері алғаш рет табысталады

13:40, 10 сәуір 2026

© Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары мемлекеттік марапаттар қатарына "Әл-Фараби" орденін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, қазақ даласы көптеген кемеңгер тұлғалардың мекені болған, олардың ішінде әлемге әйгілі ойшыл әл-Фарабидің орны ерекше.


"Оның мұрасы – бүкіл адамзаттың асыл қазынасы, өркениет ойының шыңы", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев осыған орай жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне арнайы "Әл-Фараби" орденін енгізу қажеттігін атап өтті.

Президенттің айтуынша, бұл марапат білім мен ғылым, мәдениет пен руханият салаларында зор жетістікке жеткен азаматтарға беріледі.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы "Мейірім", "Қожа Ахмет Ясауи" және "Әл-Фараби" ордендері биыл алғаш рет Республика күні қарсаңында табысталатынын жеткізді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!