Шымкентте халықтық штаб мүшелері жастармен АЭС артықшылығын талқылады

09:14, 11 қыркүйек 2024

© Сурет: pixabay

Халықтық штаб мүшелері Шымкентте жастармен кездесіп, атом электр станциясының артықшылықтарын талқылады.

Шаһардағы жоғары оқу орнының студенттері оларға өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, жауап алды. Себебі, бұл білім ордасының түлектері электр энергетика, машина жасау, физика, химия және өзге де саланың мамандары.

Мәжіліс спикері, "Amanat" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов жастар үнемі жаңа үрдістердің басы-қасында жүретінін және мемлекет дамуының басты қозғаушы күші саналатынын атап өтті, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондай-ақ, кездесуде Мәжіліс спикері атом энергетикасына қатысты барлық мәселе бойынша жұртшылықты кеңінен хабардар етудің маңызы зор екеніне тоқталды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!