Шымкентте есірткіні чипс қаптамасымен тасымалдаған алматылық ұсталды

18:50, 25 сәуір 2024

© Сурет: polisia.kz

Шымкент полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында есірткі заттарын өткізумен айналысып жүрген Алматы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

20 жастағы ер адам өзімен бірге қытырлақ картоп (чипс) қаптамасына салынған синтетикалық есірткіні тасымалдаған. Оның жалдамалы пәтерін тексеру кезінде ұнтақ салынған полиэтилен пакеттер және 150-ден астам есірткі орамасы табылды.

Тәркіленген мефедронның жалпы салмағы 3,5 келі болады.

Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!