Шымкентте электр желілерінің 57%-ы тозған

16:38, 22 қаңтар 2025

© Фото: Zakon.kz

Шымкентте электр желілерінің 57 пайызының тозығы жетіп тұр. Осыдан 60-70 жыл бұрын тартылған 3 мың шақырымдай сымдардың көп жері жалғанған, трансформаторлар ескі.

Сондықтан биыл электр жүйелерін жаңартуға қазынадан 2 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді. Бұл ақшаға Қайнарбұлақ және Құрсай шағын ауданындағы қосалқы станциялар жөнделеді.

Мегаполис халқын тұрақты әрі сапалы электр қуатымен қамту мақсатында былтыр 5 шағын ауданның аумағында құрылыс жүрді, деп жазады qazaqstan.tv.

Нәтижесінде 6 мыңнан аса тұрғыны бар "Екінші Асар", "Бозарық" "Қайнарбұлақ" аймағы жарықтандырылды. Сондай-ақ қаланы жарықпен қамтамасыз етуші мекеменің инвестициялық бағдарламасы аясында 180 шақырым магистральді желі жаңғыртылған.

"Ол мекемеде 5 жылдық инвестициялық бағдарламасы бекітілген. Сол бағдарлама аясында 150-200 шақырым желі жаңғыртылып отырады. Соның есебінен тозу деңгейі жыл сайын төмендейді." Шоқан Айдарбек, Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім басшысы

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!