Әуежайда түкірген Қытай азаматы айыппұл арқалап, рейстен түсірілді
© Сурет: polisia.kz
Алматы әуежайында 34 жастағы Қытай Халық Республикасының азаматы қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы – Шымкент бағытындағы рейске отыруға дайындалып жатқан жолаушыны тексеру кезінде оның күту залында, яғни ортақ пайдаланылатын жерде түкіріп, айналасындағыларға құрметсіздік танытқанын анықтады.
Қоғамдық орынды ластаған құқық бұзушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК (19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар тәртіп бұзушы рейстен түсірілді.
Айта кетейік, жыл басынан бері Көліктегі полиция департаменті әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 5 249 тұлғаны жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 499 құқық бұзушы ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін айыппұл арқалаған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:04, 21 қаңтар 2025
Көкшетаудағы ауруханада үш жасар баланың ата-анасы дәрігерлерге шабуыл жасап, қырғын шығарды
-
22:43, 21 қаңтар 2025
Алматыда балаларға күйген картоп жегізген балабақша қызметкерлері сөгіс алды
-
22:13, 21 қаңтар 2025
Жамбыл облысында автобус жүргізушісі қоғамдық көлікті мас күйінде айдаған
-
21:52, 21 қаңтар 2025
Астаналық оқушылар ертең қашықтан оқиды
-
21:40, 21 қаңтар 2025
Қостанай облысында қару салынған сейфті ұрлап кетті