Депутат ШҚО-да мал ұрлығының өршуіне байланысты ішкі істер министрлігін сынға алды
© Сурет: kurgan.ru
Мәжіліс депутаты, "Amanat" партиясы фракциясының мүшесі Мақсат Толықбаев 2025 жылғы 22 қаңтардағы мәжіліс отырысында ҚР ішкі істер министрі Ержан Саденовқа депутаттық сауал жолдап, шығыс жұртының шағымын назарға алмағанын сынға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Депутаттың айтуынша, Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы тұрғындары әлеуметтік желі арқылы президенттен көмек сұраған.
"Президенттен көмек сұрауға мәжбүр болған Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы тұрғындарының әлеуметтік желіге шыққан видеоүндеулерін көрген шығарсыздар?! Маған да ондаған адам хабарласты. Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасар деп бес күн күттік. Алайда ешқандай реакция жоқ. Катонқарағайға қарасты Шыңғыстайдың шырқын осы ұрылар бұзып бітірді. Алақандай ауыл халқына ұры-қарының қорлығы әбден өткен. Төзімдері таусылып, сенімдері сетінеген ел енді бар үміттерін ел басшылығына артып, яғни президенттен көмек сұрап отыр. Өйткені қой қоралап, ірі-қара табындап, жылқысы үйір-үйірімен жоғалып жатқан соң қайтсін?! Полиция дегеннен әбден күдер үзген. Осы күнге дейін қаншама малы қолды болып, ұрланса да, полиция бірде-бір "тышқақ лақтың" сайдан санын, құмнан ізін таппаған. Бұл нені көрсетеді?! Не іздеуге құлықсыз немесе ұры мен полиция ауыз жаласып, ымыралысып, ынтымақта жұмыс істейді. Ақиқаты осы. Басқаша айту мүмкін емес!". Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай
Депутат әуре сарсаңға түскен халық аудандық, облыстық ішкі істер органдарының табалдырығын тоздырып, бастарын тауға да, тасқа да соғып әбден қажығанынын, сонда да полицияға бәрі-бір екенін айтады.
"Жаны ашымастың, басы ауырмас. Мал ұрлығынан шырқы бұзылып, шыдамдары таусылған жалғыз Шыңғыстай емес. Баукеспелер осы ауылға іргелес жатқан Өрнек, Жаңа үлгі, Аққайнар, Жамбыл, Еңбек секілді елдімекендерде де емен-еркін шайқап, жұрттың дымын қалдырмай, ерік-жігерлерін әбден құм еткен. Ауылдан ауданға арыз арқалап баратын ағайын "полициядан еш қайран жоқ, жоғалған малды ізін суытпай іздемейді" деп налиды. Қайталап айтамын. Ұры мен полиция бір, сыбайлас па? Әйтпесе, құдай-ау, жыл он екі айда бір ауылдың ғана емес, бүтін бір ауданнан бір жоқ табылар еді ғой...", деп күйінеді халық қалаулысы.
Бізде мал ұрлығы бойынша заң қатаң. Қылмыстық кодекс бойынша бұл орташа ауыр қылмыс. Аса iрi мөлшерде жасалған мал ұрлағандар 7 жылдан 12 жылға дейiнгi сотталады. Мақсат Толықбай, "тіпті мал ұрлығы азайып келеді" деп өздерін де ішкі істер органдары сендіргісі келетінін, ал іс жүзінде бәрі керісінше екенін айтады.
"Құрметті Ішкі істер министрі және оның елдегі барлық жеке құрамы! Сіздердің назарларыңызға! Қазақ «Мал ашуы – жан ашуы» дейді. Жұрттың жан ашуын қоздырып, жарасына тұз себе бермеңіздер! Ашынған халық барымтаға қарымта қайтарамыз десе, оны мына біз түгілі Сіз және Сіз басқарып отырған министрліктің жеке құрамы тоқтата алмайтыныңызды тағы да есіңізге салғым келеді. Халықпен ойнамаңыздар! Ойланыңыздар! Қайта жоғарыда аты аталған ауылдардың мәселесін жіті қадағалап, Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында арнайы рейд жүргізіп, мал ұрлығының алдын-алу мен ұрыларды ұстау бойынша кешенді шараларды қолға алуды сұраймын", – деп сөзін түйіндейді депутат.
Айта кетсек, 2025 жылы 14 қаңтарда ОСК Асылбек Нұралинді Мәжіліс депутаты етіп тіркеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:54, 22 қаңтар 2025
Антикор мүгедектікті тіркеуде медициналық сараптамаға қатысты 5 мыңнан астам айла-шарғыны анықтады
-
20:20, 22 қаңтар 2025
Түрік тілінде діни кітаптар сатып алған қазақстандық жазаланды
-
19:57, 22 қаңтар 2025
Астанада оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілді
-
19:46, 22 қаңтар 2025
Мүгедек адамның атындағы алаяқтық жолмен тіркелген автонесие 10 жылдан кейін кешірілді
-
19:33, 22 қаңтар 2025
Қостанай облысында шетелдік азаматтың жалған құжатты пайдалану дерегі анықталды