Шымкентте әйеліне пышақ сұққан зейнеткер сотталды

12:17, 8 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz

Шымкентте әйеліне пышақ сұққан зейнеткер үш жылға сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішкілікке салынған тұрғын жанжал кезінде үстелде тұрғын ас үй пышағын жұбайының ішіне тығып алған. Қан жоғалып, сыртқа барып құлаған жәбірленушіге көршілері көмекке келіпті. Оқиға жаз енді басталғанда болған.

Сот кезінде күдіктінің кінәсі дәлелденіп, бас бостандығынан айрылды.

"Екеуі жұмыс істемейді. Сотталушы 64 жаста, зейнеткер. Кінәсін толық мойындаған соң сот оған ең төменгі жаза қолданды. Өзі Оңтүстік Қазақстан облысында туғанымен, 10 жылдан бері Ресей елінің азаматы. Қосымша жаза ретінде алкогольден мәжбүрлі емдеу тағайындалды. Түрмеде дәрігерлер бар. Сонда жатып емделеді. Емделу мерзімі - 6 ай". Шымкент қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сәбит Төреханов

Зардап шеккен әйелге ота жасалған, қазір жағдайы жақсарған. Ол айыпталушыға кешірім бергенімен, жазадан құтыла алмады.

Үкім әлі күшіне енген жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!