Мадагаскарда жартасқа қашалған жұмбақ архитектуралық кешен табылды

10:45, 16 қыркүйек 2024

© Сурет: G. Schreurs et al

Халықаралық археологтар тобы Мадагаскардың оңтүстігіндегі Исало массивінде жартасқа қашалған жұмбақ архитектуралық құрылымды тапты. Бұны олар Шығыс Африка аралындағы теңдесі жоқ олжа ретінде бағалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зерттеуді Швейцариядағы Берн университетінің Геология ғылымдары институтының доценті Гидо Шрейрс басқарды. Оның айтуынша, бұл террассалар, бассейндер мен әртүрлі көлемдегі бөлмелерді қамтитын кешен.

Шамамен құрылым X-XII ғасырларда тұрғызылған. Оның уақытын қазба жұмыстары кезінде табылған "көмір" арқылы мөлшерлеген.

Көмірден бөлек, XI-XIV ғасырларға жататын қыш ыдыстардың сынықтары да табылды. Шамасы, олар аралға Қытайдан және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен әкелінген. Бұл сол кездегі жергілікті тұрғындардың кең сауда байланыстарын көрсетеді.

Бұған дейін Иран жаңа ғарыштық спутниктің ұшырылғанын мәлімдеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!