Шымкентте алимент төлеуден жалтарған борышкерлер сотталды
© Фото: Zakon.kz
Жыл басынан сот үкімімен кәмелетке толмаған балаларын асырау үшін алимент төлеу міндетін орындамаған 22 борышкер қылмыстық жазаға тартылды.
Олардың барлығы бұдан бұрын әкімшілік жауаптылыққа тартылғанына қарамастан, шарасыздық танытып, халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынған бос жұмыс орындарына орналасудан бас тартқан.
Сот борышкерлерді ҚК-нің 139-бабымен көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, осы бойынша оларға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаған.
Ағымдағы жылы алимент төлемегені үшін 145 борышкер 5 күнге дейін әкімшілік қамаққа және 78 борышкер айыппұл төлеу туралы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сот орындаушылардың борышкерлерді белсенді жауаптылыққа тартуына прокурорлық актілердің енгізілуі өз үлесін қосуда.
Жыл басынан алимент өндіру үшін заңда қарастырылған атқарушылық әрекеттерін жүзеге асырмаған 70 астам сот орындаушысы прокурорлық актілер негізінде тәртіптік жауаптылыққа тартылған.
Қала прокуратурасы алимент төлемегені үшін әкімшілік және 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын ескертеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:59, 26 желтоқсан 2024
Қазақстанда «Google салығы» бернеше есе артық төленген
-
15:48, 26 желтоқсан 2024
Ақмолада полицейлер жолда қалған көлік иесіне көмектесті
-
15:34, 26 желтоқсан 2024
Қазақстандағы түскі саудада доллар бағамы көтеріле бастады
-
15:20, 26 желтоқсан 2024
Контрабандистер Қазақстаннан Өзбекстанға шекарадағы тоннель арқылы жанармай тасымалдаған
-
15:09, 26 желтоқсан 2024
СҚО-да астан уланып қайтыс болған екі баланың анасы әділдік іздеп жүр