Шығыс Қазақстанда Сібір тау ешкісі фототұзаққа сәтті түсіп қалды
© Сурет: Instagram/katonkaragai.semi
Ұлттық саябақ қызметкерлері жабайы табиғат өмірінің таңғажайып кадрларымен жиі бөліседі. Бұл жолы Шығыс Қазақстандағы Сібір тау ешкісінің әсемдігі кім-кімді болсын таң қалдырмай қоймады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейнені 2024 жылғы 30 қазанда Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жариялады.
Мамандар бейненің жазбасында фототұзақтың Арчатин орманында орнатылғанын атап өтті.
Оқырмандар таңданыстарын жасырмады.
- Сөз жоқ, керемет!
- Сондай сұлу!
- Таңғаларлық көрініс!
- Осыншалықты әсем болады деп ойламаппын!
- Табиғатпен үндестігін айтсаңызшы!
Сібір тау ешкісі — тау ешкілері тұқымдасының ең үлкен өкілдерінің бірі. Өзге түрлерімен салыстырғанда бұл түр жиі кездеседі және жоғалып кету қаупі төніп тұрған жоқ.
Бұған дейін Маңғыстау облысы Үстірт қорығындағы фототұзаққа сирек кездесетін алабарыс түсіп қалғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:06, 31 қазан 2024
Шымкентте шетелдіктен аса ірі мөлшерде есірткі тәркіленді
-
14:55, 31 қазан 2024
Елімізде пәтер жалдау құны арзандады
-
14:46, 31 қазан 2024
Алимент төлемегені үшін қанша қазақстандық жауапқа тартылды
-
14:37, 31 қазан 2024
Шерзат Болаттың өлімі: Әділет министрлігі іс бойынша сараптамалар туралы айтты
-
14:29, 31 қазан 2024
Қазақстанда синтетикалық есірткіге сараптама қанша уақытта жасалады