Қазақстанда экономиканың «голланд ауруы» ықтималдығы артып келеді

15:46, 30 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz

Ұлттық банк басшысы экономиканың "голланд ауруы" ықтималдығын бағалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 30 қазанда Мәжілістің жалпы отырысында хабарлағандай, мұнай емес тапшылық жоғары болып қала береді және жалпы тапшылықты жабу үшін бюджет Ұлттық қордан берілетін трансферттерге айтарлықтай сүйенеді.

"Нәтижесінде Ұлттық қор қаражатының түсімдері мен алым балансы теріс болып қалады. Алымдар түсімдерден асып түседі. Мұндай жағдайларда Ұлттық қор қаражатының ұлғаюына ықпал ететін жалғыз фактор инвестициялық табыс болып табылады. Ол ағымдағы жылдың тоғыз айында 10,27%-ды немесе 6,16 млрд долларды құрады. Осының есебінен ғана Ұлттық қордың активтері жыл басынан бері 4,5%-ға өсіп, 62,7 млрд долларға жетті", — деді Тимур Сүлейменов.

Ол ағымдағы жылы Ұлттық қордың тікелей трансферттер көлемі 5,6 трлн теңгені құрағанын атап өтті.

"Жағымсыз әлеуметтік әсерлерден басқа, мұның бәрі ақша мен валюта нарығына қысым жасайды. Валюта бағамын бұрмалайды, отандық бизнеске кедергі келтіреді, экономиканың "голланд ауруы" ықтималдығын арттырады", — деді Ұлттық банк басшысы.

Голланд ауруы — шикізатты (әсіресе мұнай мен газды) жаппай сыртқа (экспортқа) шығарғанда экономикаға валюта ағыл-тегіл құйылып, нарықтағы баға өсіп, ұлттық валюта нығайып, экономика біртіндеп қымбаттай бастайды. Демек, экономиканың 3,3 есе қымбаттауы оның өзге экономикамен салыстырғанда бәсекеге қабілетінің төмендегенін көрсетеді. Отандық тауар өндірушілер біртіндеп нарықтан ығыстырылады.

Бұған дейін 2025 жылы бюджет қаражаты қандай басым бағыттарға жұмсалатындығы белгілі болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!