Елімізде пәтер жалдау құны арзандады
© Фото: Zakon.kz
2024 жылдың қазан айында жалдамалы тұрғын үй бағасы төмендеді — қыркүйектегі бағамен салыстырғанда шамамен 2%-ға. Тіпті бірқатар қалаларда бұл көрсеткіш 6-10%-ға дейін жетті. Ал Алматыдағы бағалар тек 1%-ға өзгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еліміздің облыс орталықтарында, әсіресе солтүстікте жалға берілетін тұрғын үй арзандады. Мәселен, Петропавлда бағаның төмендеуі шамамен 9%-ды құрады (бүгінде "бір бөлмелі пәтерді" айына 100 мың теңгеге алуға болады), ал Павлодарда бағалар 8%-ға төмендеді (айына 1 бөлмелі пәтерді жалға алу бағасы-110 мың теңге).
Астана мен Шымкентте бағаның 3-4%-ға төмендеуі тіркелді. Мәселен, Елордада Бейбітшілік және келісім сарайы маңынан 1 бөлмелі пәтерді 170 мың теңгеге жалға алуға болады, Шымкентте Әл-Фараби ауданында "бір бөлмелі пәтерді" жалға алу 150 мың теңгені құрайды.
Алматыға келетін болсақ, баға құбылмалы. "Самал" шағынауданында бір бөлмелі пәтерді айына 350 мың теңгеге жалға алуға болады, ал Алатау ауданында 100 мың теңгеге тұруға болады. Алматыда жалпы төмендеу қыркүйек айымен салыстырғанда шамамен 1%-ды құрады.
Жалпы, Қазақстанда ТВ және Wi-Fi-мен жиһаздалған 1 бөлмелі пәтерді жалға алудың орташа бағасы:
- Ақтау-120 000 мың теңге
- Ақтөбе-140 000 мың теңге
- Атырау-140 000 мың теңге
- Қарағанды-130 000 мың теңге
- Қостанай-130 000 мың теңге
- Орал-130 000 мың теңге
- Өскемен-120 000 мың теңге
- Көкшетау-130 000 мың теңге
- Қонаев-120 000 мың теңге.
Бұған дейін Қазақстанда пәтерді жөндеу кезінде алаяқтыққа тап болмас үшін нені білу керек екендігі хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:10, 31 қазан 2024
Қазақстанның екі боксшысы U19 әлем чемпионатының финалына шықты
-
16:55, 31 қазан 2024
Қазақстанда 2025 жылы еңбек демалысын қай уақытқа алу тиімді
-
16:45, 31 қазан 2024
Қазақстандықтар Ресейге аз қаражат жібере бастады
-
16:30, 31 қазан 2024
Қарашаның алғашқы күндерінде Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
16:24, 31 қазан 2024
31 қазанда өткен саудада доллар тағы біраз төмендеді