Алимент төлемегені үшін қанша қазақстандық жауапқа тартылды

14:46, 31 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz

Қазақстанда жыл басынан бері алимент бойынша берешегі үшін 3,5 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 290-нан астам борышкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

31 қазанда өткен баспасөз мәслихатында Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, бүгінде сот орындаушыларында алимент өндіріп алу туралы 322 мың іс бар. Оның ішінде 311 мыңнан астам борышкер – ер адамдар, 11 мыңнан астамы — әйелдер.

"33 млрд теңге сомасындағы 25 мың іс проблемалы болып табылады. 2024 жылдың тоғыз айында 7 млрд теңгеге алимент бойынша берешек өндірілді", — деді Талғат Уәли.

Істің 95,6%-ы бойынша өндіріп алу ай сайын жұмыс берушілердің бухгалтерлік қызметтері арқылы жүзеге асырылады. Сот орындаушылары 7 мыңнан астам борышкерге қатысты Қазақстаннан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеулер қойды. Сонымен қатар, 3846 борышкер жұмысқа орналастырылды.

Бұған дейін Қазақстанда балаларға арнаулы білім беру қызметтерін көрсету стандарты өзгеретіндігі хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!