Қазақстанда өзін-өзі қорғау құрылымдары мен ерікті құрам пайда болады
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Мәжіліс депутаттары 2024 жылғы 30 қазандағы жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы" заң жобасын және оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы Сұлтан Камалетдиновтың айтуынша, заң жобасында қазақстандық қорғаныс жүйесі үшін "өзін-өзі қорғауды қалыптастыру" және "ерікті" деген жаңа ұғымдар енгізілуде. Өзін-өзі қорғау құрылымдарын әскери жағдай кезеңінде және соғыс уақытында жергілікті әскери басқару органдары құрайды.
"Еріктілер жауынгерлік тапсырмаларды, қамтамасыз ету тапсырмаларын және көмекші тапсырмаларды орындайды. Жауынгерлік міндеттерді Қорғаныс Министрлігі қамтамасыз ететін болады. Қамтамасыз ету және көмекші міндеттер жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін болады", — деді Сұлтан Камалетдинов.
Еріктілер деп өзін-өзі қорғау құралымдарына ерікті негізде қабылданған Қазақстан азаматтары түсініледі. Олардың қатарында өзін-өзі қорғауды қалыптастыру кезінде Қарулы Күштер қатарына шақырылмаған жұмылдыруға жататын және жатпайтын адамдар болады. Олар елді мекендерді, аумақтық қорғаныс объектілерін күзету және қорғау, қорғаныс құрылыстарын салу, эвакуациялық іс-шараларды жүргізу және басқа да міндеттерді орындауға тартылатын болады. Еріктілерден өзін-өзі қорғаудың жекелеген құрылымдары жауынгерлік міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің құрамына енгізілуі мүмкін.
Негізгі заң жобасының мақсаты елдің қорғаныс қабілетін арттыру, халықтың, аумақтық қорғаныс объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында республика аумағын қорғау болып табылады.
Ілеспе жобамен ҚР Кәсіпкерлік кодексіне және бес заңға түзетулер енгізіледі. Олар аумақтық қорғаныс саласындағы тиісті мемлекеттік органдардың құзыреттерін бекітеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:18, 30 қазан 2024
«Ұшаққа жай түсті». Шымкент – Алматы рейсінің неге кешіктірілгені белгілі болды
-
18:57, 30 қазан 2024
Алматы облысында жаңа туған сәбиді өлтірді деген күдікке анасы ілінді
-
18:38, 30 қазан 2024
Тимур Мұратов денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
-
18:30, 30 қазан 2024
Алматы облысында қараусыз ғимараттан жаңа туған сәбидің денесі табылды
-
18:10, 30 қазан 2024
Ұлттық ұланға аудит жүргізілгелі жатыр