Шығыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының ардагерімен қоштасты
© Сурет: polisia.kz
2026 жылғы 11 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары Ұлы Отан соғысының ардагері, облыстық ішкі істер органдарының қызметкері Құрмат Рахимовты соңғы сапарға шығарып салды. Ардагер 102 жасқа толуына екі ай қалғанда өмірден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құрмат Рахимұлы Қызылтас ауылында туып-өскен. 1942 жылы педагогикалық колледждегі оқуын қалдырып, 18 жасқа толар-толмаста әскер қатарына шақырылған. Ол ішкі әскер қатарында оқудан өтіп, әскери борышын абыроймен атқарған.
1944 жылдан бастап ол Багратион операциясы аясында қызу шайқастарға қатысқан. Оның жауынгерлік жолы Беларуссия, Литва және Шығыс Пруссия арқылы Кенигсбергке дейін жеткен. Ол ең ауыр шайқастарда, оның ішінде Шяуляй үшін шайқаста және Клайпеда шабуылында табандылық пен қайсарлық танытқан.
Құрмат Рахимұлы барлау операциясында ерекше ерлік көрсетіп, оған қолбасшылық жасаған және жаудың шабуылын тойтарып, жауынгерлік тапсырманы мүлтіксіз орындаған. Осы батылдығы үшін ол "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.
"Ұлы Жеңістен кейін ол Отанына қызмет етуді жалғастырды, әскери училищені бітірді және көптеген жылдар бойы мемлекеттік шекараларды қорғады. Кейін ол Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер органдарында жауапты лауазымдар атқарып, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты",- деп еске алды полицейлер.
Бұған дейін Ақтөбеде прашюті ашылмай қаза тапқан курсанттың өліміне жауаптылар сотталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:27, 11 сәуір 2026
Қазақстанда 12 сәуірде жаңбыр мен найзағай күтіледі
-
16:56, 11 сәуір 2026
Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды
-
16:22, 11 сәуір 2026
Мешіттегі қайырымдылық қаржысын жымқырған күдікті қолға түсті
-
15:47, 11 сәуір 2026
Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізді: мемлекет басшылары не талқылады
-
15:47, 11 сәуір 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентімен бейресми кездесу өткізді





