Жетісу облысында ер адам көршісін күрекпен аяусыз ұрған

21:56, 10 сәуір 2026

© Фото: Zakon.kz

Жетісу облысында ер адам өзіне ескерту жасаған әйелді күрекпен аяусыз ұрып, ауруханадан бір-ақ шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, Сүйіксай ауылында мас күйіндегі 49 жастағы азамат көршісінің кішкентай балаларын балағаттаған. Қарсылық білдірген анасын күрекпен басынан бірнеше мәрте ұрған.

Балалардың шыңғырған дауысынан мектеп жаттықтырушылары келіп ер адамды тоқтатқан.

"Полиция қызметкерлері денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеп-тексеру мүддесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды". Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанар Қалықова

Жәбірленушінің жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!