ШҚО-да Ресей азаматы қамауға алынды

15:55, 14 қыркүйек 2024

© Сурет: freepik

Катонқарағай аудандық сотының тергеу судьясы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтті деген күдікпен Ресей Федерациясының азаматы В-ға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, Ресей Федерациясының азаматы В. Ресейдің Қазақстанмен арадағы мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтіп, 2024 жылы 26 тамызда Қазақстан Республикасының аумағында шекара қызметкерлерімен ұсталғаны анықталған.


"Шешім қабылдау кезінде сот В-ның Ресей Федерациясының азаматы екенін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрғылықты жері жоқ екенін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын туыстарының жоқ екенін ескерді. Сондықтан, сот жоғарыда аталған мән-жайлар күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау үшін ерекше жағдай деп санады. Сот тергеушінің қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатын қанағаттандырып, 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын мақұлдады".Катонқарағай аудандық сотының баспасөз қызметі

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!